Мәдениет

Туған жерді жырлады

Байқау

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жер өрнектері» атты байқау өтті.

Байқау Ақтөбе облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналып ұйымдастырылды. Облыстық әдеби шығармашылық байқауда 15-29 жас аралығындағы жастарға бағын сынап көруге мүмкіндік берілді.

Қазылар алқасы құрамында С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Талғат Тілеулесов, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі, педагог-зерттеуші Гүлжайнар Алашбаева, облыстық кітапхананың баспасөз хатшысы Марал Сандыбай болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша І орынды — ақын Әлихан Жақсылық, ІІ орынды Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 1-курс оқушысы Аружан Жанова, ІІІ орынды Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 10-сынып оқушысы Азеля Өтеулина жеңіп алды. Жүлдегерлерге кітапхана директоры Құралай Райымбаеваның атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Гүлмайрам АЛАТАЕВА,

С.Бәйішев атындағы облыстық

әмбебап ғылыми кітапхананың бөлім меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button